Референдумға оннан астам халықаралық ұйым аккредиттелді – СІМ
Маусымда өтетін референдумға оннан астам халықаралық ұйым өз бақылаушыларын аккредиттеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дипломатиялық корпус өкілдерімен өткен жиналыста Сыртқы істер министрі Қазақстандағы реформалар дағдарыстар мен оқиғаларға, оның ішінде пандемия, қаңтардағы тәртіпсіздіктер, әлемдегі геосаяси жағдай мен оның экономикаға салдарына қарамастан жүріп жатқанын атап өтті.
Осы факторлардың барлығына қарамастан, біздің еліміз дамудың жаңа деңгейіне батыл қадам басып, жаңа Қазақстанға қарай бет алды. Біз Үкімет ретінде референдумды ең үздік демократиялық стандарттарға сәйкес әділ және ашық түрде өткізуді қалаймыз. Біз, Үкімет ретінде, халқымыздың референдумда ауқымды реформалард